Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам анықталғанын хабарлады.
20 адамның 18-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1-еуі Алматы қаласында, тағы 1-еуі Ақмола облысында тіркелген.
Жалпы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 135 адам, Алматы қаласында – 51 адам, Қарағанды облысында – 7, Ақмола облысында – 6 адам, Атырау облысы – 5 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 4 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, жалпы 228 науқас тіркелді.
Тағы оқыңыз!
♦ Қызылордада коронавирус жұқтырған адам Оңтүстік Кореядан 1 наурызда келген
♦ Алматы облысында коронавирус табылғандар арасында аяғы ауыр әйел де бар
Пікір қалдыру