Атырауда медбикеден коронавирус анықталды, деп хабарлады 24.kz .
№3 емхананың 38 жастағы медициналық қызметкері жұқпалы ауру белгісі бар науқастан сынама алған. Сөйтіп, өзі де ауру жұқтырған.
Бұл – осы өңірде қауіпті дертке шалдыққан 6-шы адам. 6 науқас та қазір дәрігерлердің жіті бақылауында, ем қабылдап жатыр.
Медбикемен байланыста болған 27 адам анықталып, барлығы оқшауланды.
Пікір қалдыру