Шуда жалған ақпарат таратқан әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

/image/2020/04/01/crop-93_4_571x1015_5e365a07ac095615019515.jpeg

Жамбыл облысындағы Шу қаласын карантинге жабу туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан әйел үш жылдан жеті жылға дейін колонияға жабылуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz дерегіне сүйеніп.

Ресми дереккөз 34 жастағы Шу қаласы тұрғынынының жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

"Ұсталған адам әлеуметтік желілерде жалған хабарлама жіберіп, өзінің қателігін мойындады. Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігінің төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат тарату 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Осы бап бойынша үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған", - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департементі.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар