Өскемен мен Семейде шектеу шаралары күшейтілді

/image/2020/04/05/crop-72_45_634x1126_82cf550b-3d99-4cb6-ad12-a7b0e5c9f2d5.jpg

6 сәуірден бастап Өскемен мен Семей қаласында адамдардың жүріп-тұруы шектеледі. Оған қала тұрғындары түсіністік танытуда.

Екі қала тұрғындары коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында өздерін оқшаулауға көшті.

а

Бүгінде қала көшелерінде жүргіншілер саны азайды. Ал көшелерде арнайы көліктер ғана жүріп жатыр.

Тұрғындар қажеттілік туындаған жағдайда тұрғылықты мекенжайы бойынша азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға, сондай-ақ банк бөлімшелеріне бара алады. Сонымен қатар адамдар қоғамдық көліктермен (автобустар мен трамвайлар) қатынай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірден бастап өскемендіктер мен семейліктер үйден шығу үшін рұқсат қағаздарын алуы керек. Осы орайда жасыл рұқсатнама айдың жұп күндеріне ғана жарамды болса, ақ рұқсатнама тақ күндеріне арналғанын атап өткен орынды. Мұндай рұқсатнамалар жеке автокөліктердің жүргізушілеріне де беріледі.

Қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер сағат 06.00-ден 19.30 аралығында жүретін болады.

Түптеп келгенде, бұл шаралардың барлығы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жасалып жатқанын атап өткен орынды.

а

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар