АҚШ-тың Галлатин қаласындағы оңалту орталығының медбикесі ауруханада видеоүндеу жасады. Америкалық медбике видеоүндеуде өзінің жағдайы туралы айтып берді.
Видеода Шарека Уильямстың тыныс ала алмай, әрең сөйлеп тұрғанын байқауға болады.
Маған ешқашан оқ тиген емес. Алайда бұл ауру оқтан да бетер жаман деп ойлаймын. Қатты қиналып жатырмын. Бұл қалжың емес. Асқынып кетуін күтпеңіз. Бұл дерттің сізге, отбасыңызға, балаларыңызға жұққанын күтпеңіз", - дейді ол.
Пікір қалдыру