Әл-Жазира: Филиппин коронавирус шектеуін бұзғаны үшін бірінші адамды атты

/img/default.jpg

Филиппинде коронавирус ережелерін бұзғаны үшін бір ер адам атылды, деп жазады aljazeera.com. Елде полицияның коронавируспен күреске қатысты шектеулерді сақтамағаны үшін бір азаматты атып өлтіргені туралы хабарланды.

– 63 жастағы ер адам коронавирус шектеуі кезінде ауыл шенеуніктері мен полицияға қарсылық көрсеткеннен кейін оқ атылды, – деп хабарлады полиция.

Полицияның хабарлауынша, атылған адам мас болған. Филиппиннің Агусан-дель-Норте провинциясындағы Насипит қаласындағы бақылау бекеті маңында ауыл билігі мен полиция қызметкерлерінің жұмысына кедергі жасаған деп түсіндірді ресми билік өкілдері.

– Ауыл дәрігері күдіктіге бетперде кимегенін ескертті. Бірақ күдікті ашуланып, арандататын сөздер айтып, ақыры қызметкерлерге шабуылдады, – делінген хабарламада.

Бұл оқиға Филиппин президенті карантин ережесін бұзғандарды ататынын жариялағаннан бергі алғашқы атып өлтірілген жағдай болып тіркелді.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар