8 cәуір түске қарай Ақмола облысында коронавирустантағы бір адам көз жұмды. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі деп хабарлады.
Ведомство таратқан хабарламаға қарғанда, марқұм 1929 жылы туған.
Қазақстанда осылайша коронавирустан қайтыс болғандар саны 7-ге жітіп отыр. Бұған дейін Ақмола облысында екі, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласында, Қарағанды және Түркістан облысында бір-бір адамнан көз жұмған.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, елде 8 сәуір түстен кейін тағы бес адамнан коронавирус табылды. Осылайша вирус жұқтырғандардың жалпы саны 709-ға жетті. Осы уақытқа дейін олардың 53-і індеттен жазылып шыққан.
Пікір қалдыру