Серік Сүлейменов президенттің арнаулы өкілі болып тағайындалды

/image/2020/04/08/crop-55_3_527x703_200408125546969e.jpg

Серік Сүлейменов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды", - делінген ресми хабарламада. 

Серік Сүлейменов 1966 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1990 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математик» мамандығы бойынша үздік бітірді, 1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша сырттай бітірді. 

 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар