Мұхтар Жәкішев: Карантин уақытының аяқталғанын күтіп жүрмін

/image/2020/04/08/crop-144_136_485x646_snimok-ekrana-504.png

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирге шықты. Ол тікелей эфир кезінде өзінің денсаулығы туралы айтты. Сондай-ақ қазіргі экономика туралы ешқандай пікір білдіре алмайтынын атап өтті.

"Мен экономика туралы қандай да бір пікір білдіре алмаймын. Себебі қолымда қажетті деректер жоқ. Өзім толықтай зерттеп үлгермеген тақырыпта ештеңе айта алмаймын. Мен карантин кезінде бостандыққа шықтым. Қазір карантин уақытының аяқталуын күтіп отырмын", - деді Мұхтар Жәкішев. 

Сондай-ақ Мұхтар Жәкішев алдағы жоспарлары денсаулығына байланысты екенін айтты. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар