Ақмола облысында коронавирустан бір адам көз жұмды

/image/2020/04/13/crop-263_17_712x949_foto-koronavirus-kaznewskz_964a05effb9e5ee9958fa96b7d97b78d.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқастың қайтыс болғанын хабарлады.

Науқас 1936 жылы дүниеге келген. Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған. 

5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде болған.

9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы ауырkfg6 ИВЛ аппаратында болды.

Диагноз: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы.

Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, СОӨА, жүректің ишемиялық ауруы.

Елде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 12-ге жетті.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар