АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер forbes.kz басылымына берген сұхбатында қазақ тілінің қолданыс аясының кеңейгенін байқағанын айтты.
– Бүгінгі Қазақстанның 1990 жылы мен көрген елден айырмашылығы өте үлкен. Қазақ тілі қолданысының кеңейіп, танымалдығының арта түскеніне куәмін. Бұл әсіресе жастар арасында ерекше байқалады, – деген ол 20 жылдан астам уақыт бұрын Алматыда қызмет еткенде көшеде қазақша сөйлейтіндерді сирек көргенін айтты.
Оның сөзінше, қазір қазақ тілі күнделікті қарым-қатынас тіліне айналып бара жатыр.
– Мен орыс тілін алматылық таксистерден үйрендім деп әзілдейтінім бар. Қазақ тілін үйрену үшін де бар күшімді жұмсаймын. Оған маған елшіліктегі мұғалімім көмектеседі, – деді Уильям Мозер.
Пікір қалдыру