Кембридж университеті: Коронавирус қыркүйектен бастап таралған

/image/2020/04/19/crop-4_5_655x992_cam.jpeg

Коронавирус қыркүйек айынан тарала бастаған болуы мүмкін, дейді коронавирустың мутациясын зерттеген британдық ғалымдар. Бұл туралы Қамшы тілшісі британдық Daily Mail газетіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кембридж университетіндегі генетик Питер Форстер бастаған зерттеушілер тобының ақпаратынша, індет 13 қыркүйек пен 7 желтоқсан аралығында басталған болуы мүмкін.

Зерттеушілер коронавирустың үш түрдегі вирус  А, В және С екенін анықтады. Доктор Форстер бастаған ғалымдар тобы Уханьда ең алдымен В типті вирус таралған деп болжайды. 

Британдық ғалымдар пандемия басталған жер Ухань емес болуы мүмкін дейді.

Кембридж университетінің зерттеушілер тобы вирус жұқтырған алғашқы адамды анықтау үшін вирустың генетикалық тарихын картаға түсіріп, оны табуға тырысқан.

Newsweek-тің хабарлауынша, зерттеушілер вирустың генетикалық мутациясы мен таралуының диаграммасын жасап шыққан. Оған сәйкес, вирус Қытайдан Австралияға, Австралиядан Еуропаға және әлемнің басқа елдеріне тараған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар