Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустың 1654-дерегі тіркелгенін хабарлады.
Ол бойынша:
♦ Қоғамдық орындар мен демалыс орындары, саябақтар жабылады.
♦Азық-түлік және киім нарықтарының жұмысы, сондай-ақ үй тауарларын өткізу жұмыстары тоқтатылады.
♦Балалардың ойын алаңдарында, көп қабатты үйлердің аулаларында ойнауға тыйым салынады.
♦Отбасы мерекелерін, туған күндерін және үйлену тойларын тұрғылықты жері бойынша өткізу шектеледі.
♦Көшелерде және қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтар үйден шықпай оқшаулануы тиіс.
♦ Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін олардың үйлерінің жанында орналасқан дүкендер мен дәріханаларда ғана жүруге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендерінің жұмысы 09:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі.
♦Өңірге қажетті тамақ өнімдері мен материалдарды, өнеркәсіп тауарларын, құрылыс, медицина және көктемгі егіс жұмыстарына арналған материалдарды тасымалдайтын рұқсат құжаттары бар көлік құралдары ғана кіріп-шыға алады. Сондай-ақ медициналық көмекке мұқтаж азаматтар кіруге, шығуға мүмкіндік бар.
♦Құрылыс индустриясы, көктемгі егіс, жұмыспен қамтудың жол картасы, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері карантиндік режимге қарамастан штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
Пікір қалдыру