Дональд Трамп "АҚШ үкіметі жаңа грин-карталар беруді тоқтатты" деп мәлімдеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Трамп тағы бір қатаң иммиграциялық қадам жасап, коронавирустың өршуі кезінде америкалық жұмысшыларға қамқорлық жасау керектігін айтты.
Президент Дональд Трамп "АҚШ-қа иммиграцияны уақытша тоқтата тұру туралы" бұйрық шығарды. Аталмыш бұйрық уақытша жұмысшыларға емес, тұрақты тұруға келетіндерге тыйым салады.
Сейсенбіде Трамп АҚШ-тың коронавирус кезінде жұмыс орындарына бәсекелестікті шектеу мақсатында жасыл карталар шығаруға 60 күндік үзіліс жасайтынын айтты. Ол бұйрыққа "белгілі бір жеңілдіктер" кіретінін мәлімдеп, бірақ ол бұйрық әзірленіп жатқанын ескеріп, оларды айтудан бас тартты.
Айта кетейік, кеше таңертең Трамп твиттер парақшасында АҚШ-қа иммиграцияны тоқтататын бұйрыққа қол қойғысы келетінін мәлімдеген.
Пікір қалдыру