Б. Сағынтаев мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүргендерге алғыс айтты

/image/2020/04/22/crop-77_11_175x234_2020-04-22_12-36-34.png

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтты. Бұл туралы Іnstagram парақшасында жариялады.

– Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтамын. «Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн. теңгесіне көмек көрсетілді. ҰОС және 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді, – деп жазды Б.Сағынтаев.

Ол өз  сөзінде Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 еріктінің жұмыс істейтінін атап өткен.

– 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі. Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр. Бұл фильм қаламыздың еріктілеріне арналады, – деді әкім желідегі парақшасында.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен қарапайым қала тұрғындарына алғыс айтамын. «Жаңа Алатау» қорының арнайы есебіне 257 млн-нан астам демеушілік қаражат түсті. Бүгінде соның 136 млн. теңгесіне көмек көрсетілді. ҰОС және 1-3 топтағы мүгедектерге, аз қамтылған және көпбалалы, сондай-ақ жалғызбасты аналарға 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Арнайы мектептер, интернаттар мен балалар үйлеріне азық-түлік және залалсыздандыру құралдары берілді. Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 ерікті жұмыс істейді. 16 наурыздан бастап шамамен 18 мың өтініш қаралды. Олар мұқтаждарға берілетін азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектер мен бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп, орауға, оны жеткізуге көмектеседі. Сондай-ақ ақпараттық-кеңес беру бойынша да қолдау көрсетіледі. Бізді алға жетелейтін үміт пен сенім. Қаламыздың қарапайым тұрғындары сол үміт отын жағып, қиындықты еңсеруге көмектесіп жүр. Бұл фильм қаламыздың еріктілеріне арналады. —— Благодарю предпринимателей и рядовых горожан за помощь и взаимовыручку, поддержку нуждающихся. На спецсчет фонда «Жана Алатау» поступило более 257 млн спонсорских средств. На сегодня помощь оказана на сумму 136 млн тг. Доставлено 12 тысяч продуктовых наборов инвалидам ВОВ и 1-3 групп, малоимущим, многодетным матерям, матерям-одиночкам. Оказана помощь продуктами питания и дезинфицирующими средствами специальным школам, интернатам, детским домам. В Алматы работают 100 волонтеров, прошедших специальную подготовку по соблюдению санитарной безопасности. С 16 марта обработано порядка 18 тысяч заявок. Они помогают в расфасовке и доставке нуждающимся продуктовых наборов, лекарств, предметов первой необходимости. Также оказывается информационно-консультационная помощь. Неравнодушные алматинцы дарят надежду и уверенность в завтрашнем дне, помогают пережить трудности. Этот фильм посвящается волонтерам города. #AlmatyByrgemiz

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар