Коронавирус індетін жұқтырған тағы 22 жағдай тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Алматы қаласында – 13, Алматы облысында – 7 науқас тіркелген. Жалпы вирус жұқтырғандар ел бойынша 2047-ге жетті.
Осылайша Нұр-Сұлтан қаласында – 403 адам, Алматы қаласында – 693 адам, Қарағанды облысында – 101 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 76 адам, Шымкент қаласында – 103 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 11 адам, Алматы облысында - 62 адам, Ақтөбе облысында – 27 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 37 адам, Маңғыстау облысында – 16 адам, Қызылорда облысында – 151 адам, Батыс Қазақстан облысында – 72 адам, Түркістан облысында – 66 адам, Қостанай облысында – 34 адамнан вирус анықталды.
Пікір қалдыру