Солтүстік Кореяға Ким Чен Ынның қарындасы басшы болуы мүмкін

/image/2020/04/22/crop-0_-6_578x1024__98230357_e36c8c30-b9f4-4766-8e81-52ed0359c2a6.jpg

Солтүстік Корея басшы Ким Чен Ынның денсаулығына байланысты ел билігін қарындасы Ким Ё Чен алуы мүмкін. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Express басылымына шолу жасап хабарлайды. 

Солтүстік Кореяның диктаторы Ким Чен Ын жүрегіне ота жасатқаннан кейін ауруханада әлсіз күйде жатқаны әлемдік БАҚ беттерінде жарыса хабарланғанын жазған болатынбыз. Бұл Солтүстік Кореяны енді кім басқарады деген сұрақ туғызуда.

Оңтүстік Кореядағы Седжонг институтының сарапшысы Чонг Сонг-Чангтың ойынша, Ким денсаулығы күрт нашарласа, елде көтерілістің болуы екіталай.

Чонгтың айтуынша, Кимнің қарындасы Ким Ё Чен Солтүстік Корея үкіметінде айтарлықтай ықпалға ие.

Сондай-ақ сарапшы Пхеньян Ким отбасы мүшелері арқылы басқарылатынын айтты.

Ким Чен Ын бұрын медициналық көмекке жүгінген кезде оның мемлекеттік міндеттерін қарындасы мойнына алған, әсіресе, 2014 жылдың қазанында солай жасалған.

Ол өткен жылдың сәуірінде политбюродан шығарылған, бірақ осы айда қайта қабылданған.

Егер ағасының жағдайы ауыр болып жатса, билікті Ким Ё Чен қабылдауы мүмкін деген жорамал айтылуда.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар