Маңғыстауда қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласынан коронавирус табылды

/image/2020/04/25/crop-67_5_645x860_1587788525.jpg

Маңғыстау облысында коронавирустан қайтыс болған әскери қызметкердің екі баласынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Іada.kz хабарлады. 

– 1990 жылы туған алғашқы науқас, әскери қызметкердің әріптесі. Ол кеше қайтыс болды. Ол тұратын 22 ықшамаудандағы үйдің подъезі карантинге жабылды. Екінші және үшінші пациент – әскери қызметкердің 2006 және 2007 жылы туған балалары, олар Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғындары, – деп хабарлады аймақтың қоғамдық коммуникациялар орталығының өкілі. 

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Маңғыстау облысында коронавирустан алғашқы адам қайтыс болған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар