Татар зиялылары Ресей билігі түсірген "Зылиқа көзін ашты" сериалына қарсы қол жинауда. Бұл турала Татарстанның премьер-министрінің орынбасары Рафис Кашапов хабарлады.
Ол "Зылиқа көзін ашты" сериалы татар халқының тарихын қорлағанын айтты, - деп жазады yenicag.ru сайты.
"Бұл сериал татар халқының дәстүрін жоққа шығарып, біздің ата-бабамызды жабайы етіп көрсеткен. Путиннің «Россия 1» телеарнасы Гузель Яхинаның «Роман Зулейха» атты сериалын көрсете бастады. Бұл - арандатушылық фильм, біздің ойымызша, татарлар мен орыстардың арасындағы этникааралық және діни қақтығысты қоздыруға бағытталған. Мұнда мұсылман татарларының қоғамдық-саяси белсенділігін төмендету үшін Кремльдің арнайы қызметтері жасаған әдістер айқын көрінеді. Фильмде татар халқы мен мұсылман дініне қарсы арандату - мешіттегі жыныстық қатынас, мұсылман зиратындағы табыттар, татар отбасының жабайы және ақымақ адамдар бейнесі анық көрсетілген" - дейді Кошапов.
Фильмнің режиссері — Егор Анашкин. Ал басты рөлдегілер — Чулпан Хаматова, Евгений Морозов, Юлия Пересильд, Роман Мадянов, Сергей Маковецкий, Александр Баширов, Роза Хайруллина.
Кошапов бұл адамдардың көпшілік алдында татар халқынан кешірім сұрауын талап етті.
Пікір қалдыру