Неміс медицина қызметкерлері жалаңаш суреттерін жариялап, пандемия кезіндегі ақ халаттылардың жұмыс жағдайлары мен қорғаныс құралдарының талапқа сай еместігіне наразылық білдірді. Бұл туралы Қамшы тілшісі CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Германияның «Бланке Беденкен» сайтында жалаңаш дәрігерлердің суреттері жарияланған.
«Біз дәрігерлерміз. Сізге қауіпсіз қызмет көрсету үшін бізге қорғаныс құралдары қажет. Бізге қорғаныс құралдары жетіспесе, біздің жағдайымыз осыған ұқсайды» дейді ұйымдастырушылар веб-сайттағы мәлімдемеде.
«Біз барлығымыз қауіптеміз. Медицина саясаттың қосымша қолдауына мұқтаж» деп толықтырды Бланке Беденкен тобы.
Әлемнің көптеген елдерінде коронавируспен күресудің алдыңғы шебінде медицина қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) жетіспеушілігі туралы дабыл қағуда.
Пікір қалдыру