Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск твиттерде бір пост жариялап, 15 миллиард доллар жоғалтты. Бұл туралы Қамшы тілшісі Market Watch-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Илон Маск твиттер парақшасында "Tesla акциясының бағасы өте жоғары" деп жазған соң, компания акциясында құлдырау болды.
Tesla акциялары Илон Масктың твиттер жазбасынан кейін 10% төмендеп, жұма күні 701,32 доллар деңгейіне түсті. Оған дейін акциялар сессиясында 772,77 доллар мөлшерінде сатылған.
Tesla бейсенбіден бастап шамамен 15 миллиард доллар жоғалтып, нарықты 130 миллиард доллар төңірегінде аяқтады.
Илон Маск аз уақыттың ішінде твиттерде қосымша бірнеше жазба жариялап үлгерген. Бір жазбасында өзінің жеке мүлкін сатуға ант берсе, тағы бір жазбасында қалыңдығының оған ашуланғанын жазған. Ал, енді бір постында "Ашулану, ашулану – сана нұрының өлуіне қарсы" деп жазған.
Илон Маск 2018 жылы да Tesla-ның Нью-Йорк қор нарығындағы болашағы туралы твиттерінде жазба жариялап, реттеушілерге 20 миллион доллар айыппұл төлеген. Оған қоса, жазбаларын жариялаудан бұрын заңгерлері алдын-ала қарайтын болып келіскен болатын.
Пікір қалдыру