Ардагер Алексей Кодинцев 1923 жылы Ресейдің Алтай аймағында туған.
Оның бес жасында отбасы Зайсан қаласына, артынша Жамбыл облысының Шу ауданына қоныс аударған.
1941 жылы мектепті бітірісімен 18 жасында соғысқа шақырылған. Ол Кавказ фронты құрлықтағы атқыштардың 57-полкына қабылданған. Мергендігі үшін аға нысанашы атанып, соғыста жаудың 2 танкісінің көзін жойған.
Соғыстан соң елге оралып, үйлі-баранды болып, 6 бала тәрбиелеп өсірді. Олардың барлығын жеткізіп, әр саланың маманы болып өмірден өз орнын табуында әкелік қызметін аямады.
Майдандағы ерлігі үшін І дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ерлігі үшін, Германияны жеңгені үшін, Кавказды қорғағаны үшін медальдарымен марапатталған.
Пікір қалдыру