Жеңісті Германияда қарсы алған

/image/2020/05/09/crop-9_2_330x496_201855449600.jpg

Василий Зинченко бір мәрте тұтқынға түсіп, одан аман шыққан.

Ардагер 1924 жылы туған. 17 жасында әскерге алынып, артынша барлаушылар мектебіне оқуға жіберіледі.

Қысқамерзімді оқудан кейін майданға аттанады. Ардагер алдымен Сталинград түбіндегі, кейін Украинадағы ұрыстарға қатысқан.

Украинада тұтқынға түсіп, одан қашып орманға тап болған. Ол жерде партизандарға кезігіп, солардың көмегімен жаудан аман қашып құтылған.

Артынша қайтадан фронт сапында жаумен айқасып, Польша, Гарманиядағы шайқастарға арласқан. Жеңісті Германияда қарсы алған.

Василий Зинченко Қамшы оқырмандарына "бейбіт заман мен өмірді бағалауымыз керек. Өйткені ол бізге бір-ақ рет беріледі" деп ақжарма тілегін жолдады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар