Коронавирус: Ресей-Қытай шекарасында не болып жатыр?

/image/2020/05/10/crop-39_34_1731x1722_10virus-int-briefing-jilin-mobilemasterat3x.jpg

Қытайдың Ресеймен шекаралас аймақтарынан коронавирусқа шалдыққандар артып жатыр. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймсқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қытайдың солтүстік-шығысындағы денсаулық сақтау басқармалары Ресей шекарасына жақын қалалардан коронавирустың жаңа жағдайлары жиірек табылып жатқаны туралы хабарлады.

Сенбіде Қытайдың шығыс солтүстігіндегі Цзилинь провинциясының Шулан қаласында 11 жаңа оқиға тіркелген. Олардың арасындағы 45 жастағы бір  әйелдің бейсенбі күні вирус жұқтырғаны расталған. Денсаулық сақтау қызметкерлері оның қалай жұқтырғанын анықтауға тырысуда.

Сенбі күні Қытайда жалпы 14 коронавирус жұқтырушы тіркелген. Бұл 1 мамырдан бергі коронавирус ең көп байқалған күн болған.

Айта кетейік, Қытай басылымдары өткен айда Ресейден Бейжіңге оралған адамдардан коронавирус табылғандар көбейіп кеткенін хабарлаған болатын

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар