Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Іnstagram парақшасында жариялады.
– Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басудан зардап шеккен тұрғындары толықтай жаңа немесе жөнделген тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әрбір адам республикалық бюджеттен 100 мың теңгеден алады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған әлеуметтік қолдау шараларына қосымша Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті, – деді Б. Байбек.
⠀
Сонымен қатар «Jas Otan» волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатқандығын атап өтті.
– Өңірлердегі партияластарымыз бен белсенділерімізге жұртшылыққа жедел қолдау көрсетуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын. Әсіресе, партиямыздың жастар қанатының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Бірлік, ынтымақ және өзара көмек қолын созу секілді қасиеттер тап осындай қиын-қыстау сәттерде көрінеді. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша «Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры қазақстандықтарға атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күнге дейін 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеті мен антисептикалық құралдар алды. Бұған қоса 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді. 360 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлеммен қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн. қазақстандықты құрайды, – деп атап өтті.
⠀
#BizBirgemiz #МыВместе
Пікір қалдыру