Қазақстанда тыныштық сақтау уақыты ұзарды

/image/2020/05/13/crop-7_0_529x784_200318170016248e.jpg

Қазақстанда тыныштық сақтау уақыты ұзарды. Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылау кезінде «тыныштық режимін» сақтау мәселесі қаралды. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының заң мен сот алдында жұрттың бәрінің теңдігі туралы талаптарын сақтау мақсатында «тыныштық режимін» сақтау бойынша уақыт барлығы үшін бірдей болып белгіленді – жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10-ға дейін», - деді депутат Зәуреш Аманжолова аталған заң жобасы бойынша баяндамасында.



Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар