119 мың алматылық коммуналдық шығындарға өтемақы алуға құқылы

/image/2020/05/13/crop-24_17_871x1162_780110ca4bf0780f7ece82bf6b2657a5.jpg

119 мың алматылық коммуналдық шығындарға өтемақы алуға құқылы. Бұл туралы Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 18 сәуірі күні ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Коммуналдық қызмет көрсетушілерге шығындарды өтеу ережесін бекіткен болатын.

22 сәуірде Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы халықтан коммуналдық қызметтердің шығынын 15 мың теңгеден өтеу бойынша өтініштерді қабылдайтын байланыс орталығын ұйымдастырды.

Бұған дейін қолданылып келген ережелерге сәйкес өтініш білдірген және жеке шоты бар төмендегі санаттағы адамдарға көмек беріліп келген болатын:
– 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– көп балалы отбасылар;
– Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
– мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
– ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын жалғыз басты зейнеткерлер;
– атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар.

Ескерте кетсек, аталған санаттарға жататын адамдардың тізімін Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы дайындады.

Ал 10 мамыр күнгі жағдай бойынша Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы коммуналдық қызметтер бойынша шығындардың өтелуіне құқығы бар адамдардың санын 62 мыңнан 119 мыңға дейін арттырды.

Өтініштерді қабылдау барысында бірқатар проблемалық сұрақтар туындаған. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын көптеген қала тұрғындары жеке есеп шоттарын өзіне емес, отбасы мүшелерінің біріне рәсімдеген. Осыған байланысты, өңірлер мен Алматы қаласы Ережеге жеке шот отбасы мүшелерінің біріне рәсімделген кезде шығындардың өтелу мүмкіндігіне қатысты өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берді. Оны Индустрия министрлігі толық көлемде қолдап, 2020 жылғы 10 мамырда өзгерістер енгізді.

– Коммуналдық қызметті пайдалану бойынша өтемақыны алуға өзіне есепшот ашылмаған жағдайда өзі тұратын немесе мұқтаж адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелерінде есепшот болса, 15 мың теңгені соған жіберетін болдық. Осы орайда 341-05-27, 377-74-44 нөмірлері бойынша хабарласып, өзінің тиісті санаттағы адам екендігін айтып және кімге есеп шоттың ашылғанын айтса, біз ақшаны бірден аударамыз. Бұл жерде бір айта кететіні, "Неке және отбасы" туралы кодекстің 1-тармақшасына сәйкес отбасы мүшелеріне кім жатады: ерлі-зайыптылар, ата-аналар және балалар. Біз кеше адамдарға қиындық туғызбау мақсатында шешім қабылдадық. Жоғарыда аталған санатқа кіретін азаматтар біздің орталыққа хабарласып, өзі жайлы ақпарат беріп, қай есепшотқа ақша жіберу керектігін ескертер болса, біз оны арыз түрінде қабылдаймыз. Яғни ол кісінің санатын ғана растаймыз, ал қалған ақпаратқа, яғни заң аясында туындайтын жауапкершілікті растап отырған кісі өз мойнына алады, – деді Әсет Масабаев.

Басқарма басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алуға орталық нөмірлеріне 158 620 адам хабарласқан. Оның ішінде 20 449 адамның әлеуметтік мәртебесі ғана расталған. «Қалған азаматтар халықтың әлеуметтік осал тобы санатына кірмегендіктен, оларға бұл көмек көрсетілмейді» дегенді басқарма басшысы ерекше ескертіп айтты.

– Комиссияның шешіміне сәйкес коммуналдық меншік бойынша көмек сәуір және мамыр айлары үшін беріледі. Яғни, сәуір айы үшін жәрдемақы мамыр айында берілсе, мамыр айы үшін маусым айында беріледі. Егер сіз мұқтаж топқа жататын адамдардың қатарынан болып, осы көмекті алу үшін мамыр не маусым айларында да хабарлассаңыз, көмек ала аласыз, уақыттан кешікпейсіз, – деді Әсет Масабаев.

Айта кетейік, колл-орталыққа жүгінер болсаңыз өзіңіздің ЖСН мен санатыңызды және жеке шотты айту қажет.

Тұрғындардан коммуналдық қызмет шығындарын 15 мың теңгеден өтеу бойынша өтінімдерді қабылдау бойынша байланыс орталығына төмендегі телеф

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар