Америка стратегиялық ядролық бомбалаушы ұшақтарының үш түрінің барлығын алыс қашықтыққа жіберді. Бұл туралы Қамшы тілшісі The Sun газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
"B-2 Spirit" бомбалаушы, "B-52H Stratofortress" және "B-1B Lancer" әскери ұшақтарының бәрі ядролық бомбалар мен круиздік зымырандарды тасымалдауға қабілетті.
"Олар Еуропа және Үнді-Тынық мұхиты аймағының аспанында ұшты. Бұл Ресей үшін, әсіресе Қытай үшін айқын сигнал" деп жазды британиялық The Sun газеті.
Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймақтардағы шиеленіс үшін АҚШ екі рет соғыс кемелері мен әскери ұшақ тасушы кемелерін жіберген.
Вашингтонның бұл қадамға баруына Малайзияға тиесілі аумақта мұнай бұрғылап жатқан Панаманың жалауын көтерген West Capella кемесіне Қытай кемелерінің қысым жасағаны туралы хабарламалар себеп болған.
Пікір қалдыру