Алматыда 138 сауда нысаны жұмысын бастайды

/image/2020/05/18/crop-222_15_581x774_s1200.jpg

Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеу алынады, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негізге алып хабарлайды.

"Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады", делінген әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар