Елордадағы Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев қызметінен кетті. Бұл туралы
парақшасында жариялады.Енді ол «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Оның айтуынша, басқа қызметке ауысына байланысты, Алматы ауданының әкімі қызметін тоқтатқан.
– Бұл лауазымда мен 3,6 жыл қызмет атқардым, шынымды айтсам, уақыт зымырап өтті. Күнделікті, біз әріптестерімізбен ауданымызды жақсы жағынан көрсетуге тырыстық, халықпен кездесулер өткіздік, аудан аумағын жұмыс бабымен араладық, ісшаралар өткіздік.
Тұрғындармен жақсы байланыс орната алғанымды мақтан тұтамын, біз тұрғындарды мазалаған мәселелерді білдік және тұрғындардың қажетсінуіне сүйене отырып шешімдер қабылдадық! Осы уақыт ішінде тұрғындар алдында бірнеше мәрте есеп бердім, ісжүзінде тұрғындардың барлық өтінішін орындадым, бірақ, олардың басында біраз шешілмеген проблемалар қалды, аппарат ұжымының жұмыс істейтініне және бұл мәселелерді шешетіндігіне сенімдімін
Сіздердің барлықтарыңызға жылы сөздеріңізбен және істеріңізбен қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді, ол әкім қызметінде өте маңызды, халықтың қолдауын сезінгенде барлық міндеттерді шешу әлдеқайда жеңіл болады!!!
Сіздерге бақыт, денсаулық, бастарыңызға бейбіт күн тілеймін!!! Біздің ауданымыз, Елордамыз, Еліміз гүлдене берсін!!!, – деп жазды Ә. Сәрсембаев.
Пікір қалдыру