Қырғызстанда Алмазбек Атамбаевқа қарсы митинг өтіп жатыр

/image/2020/06/01/crop-21_15_725x967_978865.57fcd6f55b17cb4ae5620cfe4327aa79.jpg

Первомай аудандық соты ғимаратының жанында 1 маусым күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа және оның жақтаушыларына қарсы митинг өтіп жатыр. Бұл туралы АКИpress хабарлады.

Наразылық акциясына шамамен 20 адам жиналды. Олар Атамбаевты жазалап, түрмеге өтуді талап етуде.

Сондай-ақ, митингке Атамбаевтың 50-ге жуық жақтастары да жиналған. Олардың арасында  ұлдары Сейіт пен Қадыр Атамбаев және ҚСДП мүшесі Темірлан Сұлтанбеков бар.

Бүгін Первомай аудандық соты Қой-Таш ауылында 2019 жылғы 7-8 тамыздағы оқиғаларды қарауда. Іс бойынша айыпталушылардың бірі - Атамбаев.

Еске сала кетейік,  22 мамырда А. Атамбаевтың денсаулығы күрт нашарлап, қатты ауырып қалғаны хабарланған болатын

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар