Итті тоңазытқыш есігімен қылғындырып жатқан ер адамның желіде резонанс тудырған видеосына байланысты Атырау облысында екі азаматқа қатысты тергеу жұмыстары басталды.
– Оқиға 31 мамырда Еркінқала ауылының шетінде болған. Полиция қызметкерлері күдіктілер 1979 және 1986 жылы туған азаматтар екенін анықтап, ұстады. Оларға екі факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодекснің 316-бабы (Жануарларға қатыгез қарау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлады облыстың полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Жалпы оқиға мамыр айының соңғы күндері болған.
– Алғашқы оқиға 30 мамыр күні Атырау қаласының "Береке" шағын ауданында болды. Екінші жағдай, 31 мамыр күні қала маңындағы Еркінқала ауылында тіркелді, онда ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырып қыйнаған, – деді Мұхтарова.
Пікір қалдыру