Дариға Назарбаева сенаттан кеткен соң бір айдан кейін жұрт алдына шықты

    Меліс Сейдахметов
    Дариға Назарбаева сенаттан кеткен соң бір айдан кейін жұрт алдына шықты qamshy.kz

    2 мамыр күні сенат төрағалығынан кеткеннен кейін ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Қазақстан жастарының конгресі отырысында төбе көрсетті. Экс-сенатордың жиналысқа қатысқанын растайтын фото мен видео ұйымның instagram парақшасындағы stories-ке жарияланды.

    Отырыс туралы конгрестің ресми парақшасында еңжей-тегжейлі хабарланбаған. Тек бүгінгі күннің маңызды күн екені, оның маңызды екені сондай млн-даған қазақстандықтың тағдырын өзгертуі мүмкін екені, Jascongress.university презентациясы өтетіні, "үлкен кісінің" алдында жоба қорғауға дайындық туралы қысқа хабарламалар бар.

    Сондай-ақ Дариға Назарбаева жұмыс кездесуімен конгрес кеңсесіне келгені, 2019 жыл бойынша қысқа есеп берілгені, 2020 жылға жоспарланған жобалар талқыланғаны, түрлі жобалардың таныстырылғаны, соңында кездесудің 4 сағатқа созылғаны көрсетілген.

    Қатысты тегтер :

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025