Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі кеше кешке елде төрт адамның коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады. Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, Қарағанды облысында 1958 жылы туған адам, Павладар облысында 1957 жылы туған адам, Нұр-Сұлтанда 1944 жылы туған адам, Шымкентте 1950 жылы туған адам коронавирустан көз жұмған.
Бұған дейін елде COVID-19 індетінен 48 адам қайтыс болған еді.
Елде вирус жұқырғандар саны 12 312 адамға жетті. Соңғы тәулікте 245 адамның індет жұқтырғаны анықталған. Ал кеше 366 адам ауруынан айыққан. Соңғы ақпарат бойынша, індеттен жазылғандардың жалпы саны 6606 адамға жетті.
Пікір қалдыру