Бүгін таңертең Атыраудағы Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған.
Жанармай құю бекетіндегі жарылыстың видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
ІІМ ТЖК-ның хабарлауынша, жарылыс салдарынан төрт адамды күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқандар жоқ.
Пікір қалдыру