ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өкілеттілігін арттыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады" делінген ақпараттық хабарламада.
Бұған дейін сенат аталған заңға кіретін Бейбіт уақытта әскери тәртіп шараларын қолдану ретін анықтау, Қарулы күштер Жоғарғы бас қолбасшылығы ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде Үкімет қызметін ұйымдастыру туралы нормаларды бекіткен.
Пікір қалдыру