Қытайлық әскери сарапшы: Қытай мен АҚШ соғыспақ

/image/2020/06/14/crop-13_16_438x754_aaamericcccca.png

Қытайлық әскери сарапшы АҚШ пен Қытай арасындағы тікелей әскери қақтығыс қаупі туралы ескертті. Бұл туралы Қамшы тілшісі The New York Times Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

– Қытай мен АҚШ кез келген уақытта әскери соғысқа кірісуі мүмкін, – дейді қытайлық жетекші әскери сарапшы Ву Шичун.

Бейжіңдегі әскери инсайдер Ву Шичун CNN-ге берген сұхбатында екі держава арасындағы шиеленістердің қалай басқарылып жатқанын жеткізген. Оның айтуынша, АҚШ пен Қытай арасындағы тосын әскери қақтығыс жаһандық соғысты бастауы мүмкін. 

Әскери сарапшының ескертуі әлемнің екі ірі экономикасы арасындағы шиеленіс күшейе түскен кезде айтылды.

Ву Қытай мен АҚШ арасында тікелей қақтығыс қаупі сәт сайын күшейіп жатқанын жеткізген. Оның пікірінше, Бейжің соғысқа әзірлігін кеңейтуді жалғастыруда.

– Екі жақ, егер жақсы басқарылмаса, кездейсоқ апат болуы мүмкін, – дейді ол.

The New York Times Post-тың жазуынша, Қытай президенті Си Цзиньпин өткен айда Қытай әскерін тосын соғыстарға даярлайтынын және олардың әскери дайындығын күшейтетінін мәлімдеген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар