Атырауда 21 жастағы бойжеткен көпірден секіріп, суға кеткен. Бұл туралы облыстың ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 13 маусым сағат 23:20 шамасында болған. 1999 жылы туған бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақшы болып, орталық көпірден секірген.
Еске сала кетейік, өткен жылы наурыз айының соңында Атырауда бір әйел орталық көпірден секіріп, оны құтқармақ болған 24 жастағы патрульдік полиция сержанты Шалхар Ақымғалиев қайтыс болған.
Пікір қалдыру