Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалары бар аналар тігін ательесі, массаж, маникюр кабинеттерінде, шаштараз, полиграфияда жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аналар биыл мамырда «Бақытты шаңырақ» қорын ашты. Осындай бірегей орталықты құру туралы бастаманы әкімдік пен меценаттар қолдады. Оларға арнайы орын бөлініп, қажетті жабдықтар берілді.
«Аналар ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп, өз мүмкіндіктерін толық ашуды армандады. Орталықта шеберлік сыныптары өтетін болады. Менің барлық аналар өз-өзіне деген сенімін жоғалтпай, рухы биік болса деген тілегім бар», – дейді «Бақытты шаңырақ» ҚҚ төрайымы Пернеш Әбдікәрімова.
Орталықтың ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысты.
«Өткен жылдан бастап біз аналар идеясын қалай жүзеге асыруға болатынын ойладық. Бізді меценаттар қолдағаны қуантты. Орталықта 13 түрлі қызмет көрсетілетін болады. Жалпы қалада ерекше бала тәрбиелеп отырған бес мыңға жуық ана бар. Олардың әрқайсысының өз қабілеті бар. Қалада осындай орталықтар көп болады. Жоспарлар өте көп. Әрине, бастаманы ата-аналар бастау керек. Ал оларды жүзеге асыру қала басшылығы мен меценаттардың қолында. Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі балаларды бағып отырған отбасыларға қолдау көрсетіліп келеді. Әкімдік бұл ретте жүйелі жұмыс істеуде. Оңалту орталықтары, инватаксилер көбейіп, жұмысқа орналастыру мәселелері шешілуде», – деп атап өтті Бақтияр Мәкен.
Регина Ботсман екі бала тәрбиелеп отыр. Екі баланың анасы мұндай мүмкіндіктің болғанына өте қуанышты.
«Мен визажист шебер болып жұмыс істеймін. Санкт-Петербургте оқыдым. Болашақта бұл маған одан әрі өсу үшін пайдалы деп ойлаймын. Бізде балаларға уақыт бөлу үшін жұмыс кестесі еркін тәртіпте жасалған. Біздің әрқайсымыз өз мақсаттарымызға қол жеткізгіміз келеді, бірақ балаларымыздың диагнозына байланысты біз үйде отыруға мәжбүрміз. Ал қазір біздің армандарымыз жүзеге асты. Орталықтың ашылуына жанымызды салдық», – дейді Р.Ботсман
Пікір қалдыру