Коронавирусқа бөлінген 100 млрд теңге қайда кетті?

/image/2020/06/19/crop-156_18_1290x1720_elzhan-birtanov.jpg

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Talklike" youtube жобасына берген сұхбатында коронавирусқа бөлінген 100 млрд теңге қайда кеткенін түсіндірді.

– Біздің денсаулық сақтау саласына 100 млрд теңге бөлінді. Ол көп емес. Біз қазір қосымша ақша сұрап отырмыз. Себебі тест бар, емдеген адамдар бар. Оларға қосымша ақша төлеп жатырмыз. Мысалы біздің вирусолог дәрігерлер – 60 мың алады. ВИЧ-пен, туберкулезбен істеп жүрген дәрігерлер бар. Олардың жалақысы өте төмен. Егер мүмкіндік болса, олардың жалақысын 10 есеге көтерер едім. Бірақ біздің мемлекетіміздің, экономиканың мүмкіндігі жоқ. Оған қарамастан осы індетке қарсы шығу үшін біз қосымша 100 млрд теңге бөліп жатырмыз. Мәселен ауырып қалған адамдарға, шетелден келіп жатқан азаматтарға, полиция,  дәрігерлерге мемлекет тарапынан тегін тест жасалады. Қосымша ақша керек, күздегі екінші толқынға дайындалу қажет, – деп айтты Біртанов. 

Оның айтуынша, мемлекеттік қордан қосымша 30 млрд теңге қажет. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар