Коронавирус: Жансақтау бөлімінде жатқан науқастармен сұхбат (видео)

/image/2020/06/19/crop-19_8_406x721_66371f2f-8cb0-4fc5-af26-78a49b52dd18.jpg

"Talklike" youtube жобасының журналисі Аман Тасыған коронавирус инфекциясын жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқан науқастармен кездесіп, сұхбаттасты.

Дәрігерлердің айтуынша жансақтау бөлімінде 13 адам жатыр. Ал мамандар алты сағат сайын ауысып, науқастармен тығыз жұмыс жасауда.

– Коронавирустың барына басында сенбедім. Өзім "Мегострой-да" жұмыс істеймін. 200 адам бармыз, ешкім сенбеген. Сосын бізден анализ алды. Менің тест нәтижем – оң шықты. Ол кезде симптомдар болмады. Кейін тамағым ауыра бастады, артынан кеудем қысты. Содан жедел-жәрдем шақырып, жұқпалы аурулар емханасына алып келді. Қазіргі уақытта емдеп жатыр, 4-ші күн емханадамын. Жағдайым жақсарып келеді. Алғашқы күні тұра алмай тынысым тартылып, ауа жұта алмайтын едім. Сол уақытта түсіндім коронавирус екенін, – деді ауруханада ем алып жатқан науқас.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар