Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сотталған қызын босату үшін пара берді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
– 15 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері елордалық әйелге қатысты тергеу амалдарын бастады. Ол қызын түрмеден шығару үшін 7 миллион теңге пара бермек болған. Ол бұл ақшаны пара ретінде жауапты мемлекеттік лауазымдағы тұлғаға беретінін айтқан, – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.
Пікір қалдыру