МС Сайлаубек әлеуметтік желіні шулатып, жұрттың назарын өзіне қаратқан еді. Енді ол өнер ордасы – Алматыға қоныс аударыпты. Үлкен қалаға ат басын бұрғандағы мақсаты - өзінің шығармашылығын өтірік әнмен емес, шынайы шыңдау екен. Әпкелері осыған дейін, кімде- кім мазақ видео түсірсе, құқық қорғау органдарына шағым түсіретіндігімен хабардар еткен болатын. МС Сайлаубек ендігі жерде мазаққа ұшырамайтын болды. Бұдан былай итальяндық Сон Паскаль Сайлаубекті өз қарамағына алып, жұлдыз жасамақшы. Алматыға келе салысымен, МС Сайлаубек мейрамханада шағын кеш беріп те үлгеріпті. Сайлаубекке өнерде өз жолын оңды салсын демекпіз.