1952 жылғы Жаңаөзен тұрғыны коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникациялар орталығы.
Ол өзін әлсіз сезініп дене қызуы көтерілген соң дәрігерлерге хабарласқан. Зейнеткер 8 маусым күні ауруханаға түседі. 12 күн бойы дәрігерлер науқастың өмірін аман алып қалу үшін күресті. Арнайы комиссия мүшелері марқұмның Covid-19-дан қайтыс болғанын растады.
Биыл пандемия басталғалы 3 айдың ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 60 адам Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында емделіп шықты. Олардың басым бөлігі Жаңаөзен қаласының тұрғындары, арасында Қарақия ауданының азаматтары да бар.
21 маусымдағы жағдай бойынша Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының инфекциялық госпиталінде 9 науқас коронавирустан емделіп жатыр. Дәрігерлердің мәліметі бойынша екеуінің жағдайы ауыр, 7 науқастың жағдайы орташа ауыр.
Пікір қалдыру