ШҚО-да ағымдағы жыл басынан бері 2676 азаматқа тегін заңгерлік кеңес берілді

/image/2020/06/22/crop-17_48_435x773_200616205132217e.jpg
ШҚО әділет департаменті тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беру мақсатында 175 қорғаушымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталмыш департамент басшысының орынбасары Айдын Амирханов мәлім етті.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдан бері Әділет министрлігі «Қорғаушылардың заңгерлік көмек көрсетуі» атты бірыңғай әкімшілік бюджет бағдарламасын қолға алған болатын.
 
- Жоспарға сәйкес 2020 жылы тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 147 млн 421 мың теңге бөлінді. Ағымдағы жыл басынан бері 2676 азаматқа тегін заңгерлік кеңес берілді, - деді Айдын Амирханов.
 
Брифинг барысында департамент басшысының орынбасары елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде тұрғындарға WhatsApp, Telegram, Instagram, Facebook желілері арқылы ақысыз қызмет көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ осы уақыт аралығында 28 сот ісі өткізіліп, 11 бейне ролик пен тікелей эфирлер жүргізілгенін айта кеткен орынды.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар