Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында жазды.
– Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 23, 2020
Пікір қалдыру