Атырауда бір тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады azh.kz .
Қауіпті індет скринигтен өту кезінде расталған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, қажетті ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.
22 маусымда аймақта вирус жұқтырған 1475 адам анықталған. Оның ішінде жазылып шыққаны – 1134.
Пікір қалдыру