Екі көмекшісінен коронавирус табылған Қырғыз президенті Жеңіс парадына қатыспады

/image/2020/06/24/crop-9_5_490x871_upload-2020-05-09t063829z_1649210721_rc2ukg990qgr_rtrmadp_3_ww2-anniversary-russ

Ресей астанасы Мәскеуге Жеңіс парадына қатысуға барған Қырғыз Республикасының президенті  Сооронбай Жээнбековтің екі көмекшісінен коронавирус табылып, ол парадқа қатыспай қалды. 

Қырғыз БАҚ-тарында жарияланған хабарламаға қарғанда, COVID-19 Жээнбековпен бірге ұшақта болған Президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің басшысы Данияр Сыдықовтан және күзет қызметінің өкілінен табылған.

Ресейде 9 мамырда өтуге тиіс болған Жеңіс парады коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілген еді.  Әскери парад бүгін өтті. Оған қатысып жатқан президенттер арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар