Алматыда коронавируспен күресуге медқызметкерлер мен волонтерлер қажет

/image/2020/07/01/crop-9_83_779x1386_1580474851674-1400.jpg
 

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Камалжан Надыров қаладағы жұқпалы және провизорлық ауруханаларда медициналық кадрлар жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

– Өкінішке қарай, пандемия ұзаққа созылды. Төрт айдан бері менің әріптестерім алдыңғы қатарда, тәулік бойы пандемиямен күресуде. Қалыптасқан күш-жігерге қарамастан, жағдай бізден қосымша күш жұмылдыруды, қосымша ауруханалар ұйымдастырып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуді талап етеді, – деді Камалжан Надыров.

Оның айтуынша, осыған байланысты медициналық кадрлардың қазіргі және болашақтағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қосымша мамандарды жұмылдыру қажет болып отыр.

– Қазіргі уақытта жұқпалы ауруханаларда, провизорлық стационарларда және зертханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, волонтерлер қажет. Біз медицина қызметкерлерін пандемиямен күресуге көмектесуге шақырамыз, – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар