Коронавирус белгісі байқалғанда антибиотик ішуге бола ма?

/image/2020/07/01/crop-6_3_326x580_1194398465_0_240_2500_1646_600x0_80_0_0_4fdcae19faaf046aa16bd4bf5a6c5b90.jpg
 

Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Бактерияға қарсы препараттар вирусты инфекцияны емдеуге қолданылмайды. Бекітілген ем-дом хаттамасына сәйкес бактерияға қарсы препараттар стационарларда жатқан науқастарға ғана беріледі. Яғни бактериалды инфекция анықталып, пневмония расталған жағдайда ғана қолданылады, – деді вице-министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Людмила Бюрабекова сонымен бірге коронавирус белгілері анықталған жағдайда азаматтарды өз бетінше емделмеуге шақырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар